БҮГІН ҚКХП РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ
Коммунистер барлық мүмкіндіктерін жұмылдыра отырып, халыққа коммунистік идеяларды насихаттауға күш салмақ. Бұл туралы бүгін BNews.kz ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов хабарлады.
Коммунистер үшін сайлауалды науқан, партияның негізгі ұстанған коммунизм идеяларына негізделген саяси бағдарламасын насихаттауға таптырмас алаң болып тұр.
«Біздің партия барлық сайлау науқандарына қатысып келеді. Коммунистік халық партиясы марксизм-ленинизмнің іргелі идеялары негізінде қалыптасқан ұстанымдарға берік. Біз өз жақтастарымыздың қолдауына сенеміз және сенімдерін ақтаймыз», - деді Т.Сыздықов штабтың ашылуында.
Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыровтың айтуынша, партияның сайлауалды насихат жұмыстары барысында халықпен бірнеше кездесу өткізбек. Қазіргі таңда үгіт-насихат материалдарының жобасы әзірленуде. Партия БАҚ де тығыз байланыс орнатуды көздеп отыр.
«Сайлауалды штабының жанында баспасөз орталығы іске қосылды, барлық мағлұмат партияның ресми электронды поштасынан жіберіледі. Барлық хабарламалар ҚКХП-ның ресми сайтында, әлеуметтік желілерде белсенді шығып отырады. Сондай-ақ, «Жедел телефон желісі» қызметі де іске қосылады», - деді А.Қоңыров.
Коммунистердің құрамындағы экс-депутаты Жамбыл Ахметбеков, сайлауалды науқан кезіндегі насихат жұмыстарының жемісі, сайлаудан кейін, Мәжілістегі жұмыс барысында да, «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатынын баса айтты.