ҰСАҚ ҚЫЛМЫСТАРМЕН ҚОҒАМ БОЛЫП ЖҰМЫЛА КҮРЕСУІМІЗ ҚАЖЕТ
Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы және ұрлықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды саралау мақсатында «Қызылорда ньюс» интернет газетінің интернет-конференциясында Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жұмадулла Хабибулла Исмаилұлы жауап берді. Барлығы 17 сұрақ келіп түсті.
1-сұрақ. Қала аумағындағы күзет орталықтары қалай жұмыс жасауда?
Жауап: Қала ішінде қауіпсіздікті сақтауға, қылмыстың алдын алу мақсатында жеке күзет орталықтарының жұмыстары жандандырылды.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің күзет қызметі бақылау бөліміне жалпы 153 жеке күзет ұйымдары мен олардың филиалдары есепке алынды. Күзет ұйымдарымен 1574 нысан күзет жүйесіне қосылды. Күзет мониторингінің есебі бойынша, Қызылорда қаласы аумағында 7 оператор-фирмалар жұмыс атқаруда, 822 нысан, оның ішінде 485 пәтерлер бақылауға алынған.
2-сұрақ. Жоғарыда айтып өткен күзет орталықтарының халық үшін қандай пайдасы бар? Қылмыстарды алдын алуда көмегі тиіп жатыр ма?
Жауап: Жұмыстарды саралай келе, соңғы екі жылда күзет жүйесіне қосылған пәтерлерде ұрлық фактілері тіркелмегені анықталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық нысандар күзет пен орталықтандырылған бақылау торабымен бірге күзетке алынған және жоғары сапада түсіруге қабілетті камералармен жабдықталып, жазылған ақпарат 30 тәулікке дейін сақталуы қамтамасыз етілуде. Бұл дегеніміз, күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттiк органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда жәрдемдеседі деген сөз.
3-сұрақ. Ал, осы күзет қауіпсіздік қондырғыларының артықшылықтарын халық қайдан біле алады? Қандай да бір үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр ма?
Жауап: Заңды және жеке тұлғаларға күзет қауіпсіздік қондырғыларының артықшылығы, соңғы үлгідегі шыққан техникалық қондырғылар жөнінде түсіндірме, насихат жұмыстары, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары мен оператор фирмалармен өзіндік жарнамалық жұмыстары жайлы бүгінгі күні үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, осы кезде жалғасын табуда.
2014 жылдың тамыз айында жеке күзет мекемелерінің және оператор фирмаларының басшыларын қатыстыра отырып күзетке алынған пәтерлердің санын көбейту жөнінде жұмыс кездесуі өткізілді. Күзет мониторингі компанияларымен пәтерлерді күзетудің төлем тарифін 10 пайызға төмендету жөнінде келісімшарттар жасалып, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылдың 17 сәуіріндегі «Кейбір қару түрлеріне мемлекеттік бақылау жасау туралы» №363 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Департамент бастығының бақылауына алынған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №363 қаулысына сәйкес, қалалық елді мекендерде тұратын азаматтық қару иелерінің тұрақты тұратын үй-жайларын күзету жүйесіне қосу, сигнализациямен жабдықтау бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Яғни қару иелерінің үй-жайлары күзету жүйесіне қосу бағытында оларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қару иесінің қалауы бойынша қаруды тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі. Күзет дабылының түрі мен типін қару иесі айқындайды.
4-сұрақ. «Күзет дабылының түрі мен типін қару иесі өзі таңдайды» деп көрсеттіңіз. Тұтынушы күзет дабылының сапалысын неге сүйене отырып таңдауы тиіс? Ол қандай талаптарға жауап беруі керек?
Жауап: «Өкімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 сәуірдегі №367 қаулысының талаптарына сәйкес, күзеттің техникалық құралдары сертификаттармен расталған болуы керек. Яғни, үй-жайларды күзетудің сапасыз жүйесін сатып алуды болдырмау мақсатында азаматтық қару иелеріне сертификатталған өнімді орнатуды ұсыну қажет.
Нарық саласында күзету жүйесіне арналған жабдықтардың көптеген түрлері болуына байланысты қару иесіне пәтер, бөлме немесе металл шкафты, яғни сейфті күзету жүйесінің түрін таңдау құқы берілген.
Осыған байланысты, қару иелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №363 қаулысына сәйкес, қалалық елді мекенде тұратын азаматтық қару иелерінің қару сақталатын үй-жайларын күзету жүйесіне қосуы 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін міндеттеледі. Сонымен қатар, күзеттің техникалық құралдары «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысының талаптарына сәйкес, сертификаттармен расталған болуы керек.
5-сұрақ: Аңшыларға қаруларын күзет жүйесіне қосу міндетті ме?
Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №363 қаулысына сәйкес, қалалық елді мекенде тұратын азаматтық қару иелерінің қару сақталатын үй-жайларды күзету жүйесіне қосу міндеттеледі. Сондықтан, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық азаматтар қару сақталатын үй-жайларын күзету жүйесіне қосуы міндетті. Бұлардың қатарына аңшылар да кіреді.
6-сұрақ: Жоғарыда, азаматтық қару иелеріне қару сақталатын үй-жайларды күзету жүйесіне қосу қажет деп көрсеттіңіз. Осы орайда, күзет жүйесіне қосу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет? АІІБ-не дабыл қондырғысы жөнінде акт тапсыру міндетті ме?
Жауап: «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №367 Қаулысына сәйкес, дабыл қондырғысы орнатылғаннан кейін сертификаттарының көшірмелері ішкі істер органдарына тапсырылу қажет.
8-сұрақ: Облыс аумағында күзет жүйесін қамтамасыз етіп отырған қандай оператор-фирмалар бар?
Жауап: Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының аумағында 7 оператор-фирма бар. Олар жаңа технологиядағы құрал-жабдықтармен жабдықталған, мемлекеттік стандартқа сай қызмет атқарып отыр. Атап айтар болсам, «Жедел Күзет» ЖШС филиалы, «Руслан-Қазақстан» ЖШС, «Фархад Секьюрити» ЖШС, «Шер-Улан» ЖШС, «Шериф-Н» ЖШС, «Орда Секьюрити» ЖШС, «Найза Күзет» ЖШС және тағы басқалар.
9-сұрақ: Жеке күзет ұйымына, оның ішінде филиалының басшысына қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі қандай болу керек?
Жауап: «Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысына сәйкес, жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының басшысы мынадай біліктілік талаптарына жауап беруі керек. Яғни, бірінші, жоғары заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда, командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнаулы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы керек;
Екіншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өтуі керек;
Үшіншіден, денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық бойынша есепте тұрмауы тиіс;
Төртіншіден, қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
10-сұрақ. Жеке күзет ұйымдары қызметкерлері санының нормативін қайдан алуға болады?
Жауап: Жеке күзет ұйымдары қызметкерлері санының нормативтері «Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 Қаулысымен бекітілген. Яғни, осы қаулыны оқу арқылы таныса аласыз.
«Бүгінгі өткізілген интернет-конференцияда қазіргі таңда өзекті болып саналатын мәселе төңірегінде біраз сөз қозғалды. Айта кетерлік жайт, жеке адамдардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау мақсатында өз мүліктерін күзет жүйесіне қосуды ұсынамыз. Қоғамдағы ұсақ қылмыстарға қарсы қоғам болып жұмылдырыла күрессек қана нәтижелердің болатыны сөзсіз. Сол себепті, көзқарасты өзгертіп, ұсақ қылмыстармен қоғам болып жұмыла жариялы түрде күресуіміз қажет екенін басып айтқым келеді», - деді Жұмадулла Хабибулла өз сөзін қорытындылай келе.