ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҰРҚАСЫНДАТЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның көптеген аймақтарында әлі де атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі сақталады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді, республиканың оңтүстік-шығысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл аймағында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұманды болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, Ақтөбе облысында тәулік бойы, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұманды, көктайғақ болып, басым бөлігінде жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасынды, тұманды, көктайғақ болып, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа жетеді.