СЫР ӨҢІРІНДЕГІ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер ескерусіз қалмайды. Сыр өңіріндегі «Нұр Отан» партиясының мүшелері әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындарына белсенді түрде қатысуда. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың мақсаты - осындай басқосулар барысында көтерілген түрлі мәселелер мен арыз-шағымдарды жинақтап, сараптау және берілген уәделердің орындалуын бақылау. Осылайша партиялықтар аймаққа тән түйткілдерге мониторинг жасай отырып, оның түйінін тарқатуға ықпал етпек. Айта кету керек, партиялық мониториг және бақылау жұмысы бүгін Қазалы, Шиелі аудандар мен Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма, Ақсуат ауылдық округтері әкімдерінің есепті кездесуінде жалғасты.
Мәселен, Қызылорда қалалық партия филиалы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Шәріп Әбдірахмановтың айтуынша, жалпы бүгінгі күнге дейінгі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулерінде жергілікті тұрғындар тарапынан 291 ұсыныс-пікірлер келіп түскен. Ақжарма ауылдық округі әкімінің есеп беру барысында партияға 3 ұсыныс келіп түсті. Мәселен, өткен жылы осы елді мекеннің тұрғындары балабақша қажеттігін айтқан. Араға жыл салып ауылдықтардың тілегі орындалды. Күні бүгін мұнда 100 орынды жаңа бөбекжай ашылды.