БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 2865 КАНДИТАТ ТІРКЕЛДІ
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 2865 кандитат тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті, - деп жазады «Қазақпарат».
Мәслихаттар сайлауына үміткерлерді ұсыну қазіргі уақытта белсенді түрде жүріп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, 20 наурыз күні біздің елімізде 3335 сайлау округі бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депуттарына сайлау өткізіледі. Сайлау комиссияларының 4 ақпан күні таңертеңгі 10-да берген мәліметтерін сіздерге жария етер болсам республика бойынша барлығы 2865 кандидат ұсынылып отыр», - деді ол.
Л.Сүлейменнің атап өтуінше, олардың ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына - 324, аудандық мәслихаттарға - 2015, қалалық мәслихаттарға - 526 үміткер ұсынылған.
«Айта кетерлік бір мәселе бұл ұсынылған үміткерлердің басым бөлігін өзін-өзі ұсынған адамдар құрайды. Облыстар бойынша айтар болсақ, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кандидаттарды ұсыну белсенді жүргізілуде. Сайлау комиссияларының негізгі міндеті - заңдылықты, яғни сайлау заңнамасына және жалпыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әділ және ашық сайлауды өткізуді қамтамасыз ету», - деді ҚР ОСК мүшесі.