«БАЙҚОҢЫР» АЙЛАҒЫНДА ЗЫМЫРАН ҰШЫРУДА ОРЫН АЛҒАН АПАТТЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «1999 жылғы 18 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде авариялар болған жағдайдағы өзара iс-қимыл тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады, - деп хабарлады «Қазақпарат».
Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге өзгерістер енгізілген Хаттамаға 2015 жылдың 2 маусымында қол қойылған. Хаттамада негізінен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранды ұшыру барысында апаттар орын алған жағдайда құрылатын комиссиялар, бірлескен штабтар мен уәкілетті органдардың құзыреттері нақтыланады.
Тоқтала кететін жайт, келісімге өзгерістер енгізуге Қазақстан тарапы бастамашылық жасаған. Өйткені, бұған дейін «Байқоңырда» орын алған апатқа байланысты оның салдарын жою процесінде бірқатар мәселелер туындаған болатын. Мұндай салдарды реттеу қолданыстағы келісімдерде көрсетілмеген. Осыған байланысты 2015 жылы екі тарап ортақ мәмілеге келіп, хаттамаға қол қойылды.
Келісімге сәйкес, егер апат орын алса, онда 12 сағат ішінде комиссия құрылып, ал бір тәулік өткенде апат салдарын жою жөніндегі штаб жұмысқа кірісетін болады. Хаттамада апат салдарын жоюға қандай күштер жұмылдырылатыны нақтыланған.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.