«ЖЕР-2014» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
11 -12 қыркүйегінде «Жер-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде аталмыш оқу-жаттығуға қатысушылардың керекті мүліктері мен жұмыс орнын жабдықтаумен, тіршлігін қамтамасыз етумен дербес режимде жедел басқаруды ұйымдастыру үшін байланыс құралдарымен жылжымалы /мобильді/ Қызылорда облысынан басқару пунктерімен жедел топтары оқу-жаттығу аймағына жолданды және орнатылды.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Әлібаевтың 2014 жылдың 30 тамызындағы тапсырмасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу 11 қыркүйекте өткізілді.
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде 08 сағат 00 минут шамасында жоспар бойынша Қызылорда облысы ТЖД-нен «Апат-999» дабылы келіп түсті. Аталмыш дабылды алған соң жоспар бойынша болуы мүмкін жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою мақсатында Шығыс-Қазақстан облысы Глубоковский ауданына жөнелту үшін Қызылорда облысы жедел тобы азаматтық қорғау құрылымдары дайындыққа келтірілді.
Тәжірибелік оқу-жаттығу Қызылорда тсансасы темір жол маңында орын алды. Оқу-жаттығуға АҚ және ТЖ штаттық-арнайы құрылымдар, авариялық-құтқару құрылымдары, яғни, 67 құрылым құрамында 1494 адам мен 471 техника бірлігі қатыстырылды.
Оқу-жаттығудың мақсаты - Шығыс Қазақстан облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі ТЖ алдын алу мен жою мемлекеттік жүйесі басқару органдарының іс-қимылдар дайындығын арттыру болды.
Өткізілген іс-шараға Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник С.Ш.Молдақараев қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарына өткізіліп отырған оқу-жаттығудың маңыздылығы туралы айтты.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі