БІРҚАТАР БАҚ БАСШЫЛАРЫ САЙЛАУ НАУҚАНЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАРТИЯҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қазақстанның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары басшылары 2016 жылдың 20 наурызында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлау науқанын ақпараттандыру барысында этикалық нормаларды сақтау туралы Хартияға қол қойды, - деп хабарлады «Қазақпарат».
Аталған Хартия ҚР Конституциясына, ҚР «Сайлау туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарына сәйкес жасалған.
Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау науқаны, сонымен бірге, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың қызметтері туралы БАҚ-та шынайы әділ, толық және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен бірге, Хартияда БАҚ Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттардың, олардың саяси көзқарастарына қарамастан, өздеріне теңдей мүмкіндікке ие болуына ықпал ете алатыны және солай етуге тиістігі жазылған.
«Сөз бостандығы адамның негізгі құқығы болып табылатынын назарға ала отырып, ақпараттарды іздеу, алу және тарату еркіндігін жариялайтын Азамат құқының жалпыға ортақ декларациясының 19-бабындағы ережелерге сәйкес, ҚР Конституциясындағы сөз бостандығына және ақпараттарды заң тыйым салмайтын кез келген әдістермен алу және тарату құқы, цензураға тыйым салу, конституциялық құрылысты, республиканың тұтастығын күштеп өзгертуге үгіттеу немесе насихаттау, мемлекет тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық үстемдікті, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынушылыққа тыйым салу ережелерін басшылыққа ала отырып, ақпараттардың адам құқы мен бостандығын жүзеге асыруда, азаматтық қоғам, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда, таза және әділ сайлаулар өткізуде айрықша рөл атқаратынын саналы түрде түсіне отырып, біздер, Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлау науқаны барысында аталған Хартия қағидаттарын сақтауды міндеттенеміз», - делінген құжатта.
Айта кетерлігі, Хартия БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және журналистер қауымы үшін қол қоюға ашық. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, Хартия аймақтарға да жолданатын болады.