ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Тек республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz.
Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, ал екпіні 23-28 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында желдің күші 18-23 м/с болады.