ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Шиелі ауданында соңғы 3 жылда 9 мектеп, 3 емхана, 2 ауылдық клуб пайдалануға беріліп, 20-ға жуық елді мекеннің көшелері асфальталды. Инвестиция тартудан да аудан өзгелерден көш ілгері. Жалпы жыл ішінде атқарылған жұмыстарды аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Есеп беру жиынына аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бас инспекторы Нұрлан Тілешов қатысты, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Ауданның тоғыз жолдың торабында орналасуы және жерінің құнарлығы мен байлығы кез-келген инвесторды қызықтырмай қоймайды. Өткен жылы негізгі қорға барлығы 18 млрд. 546 млн. теңге инвестициялық қаржы салынды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9 есеге артық. Өнеркәсіп орындары есепті мерзімге 26 млрд. 331 млн. теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 6 млрд. 894 млн. теңге болса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексімен ет өңдеу 159,2 пайызға, сүт өңдеу 103,9 пайызға орындалды. Өнеркәсіп өнімінің 62 пайызын құрайтын уран өнімін өндірумен қатар құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың бірнеше жобалары іске асырылуда. Өңірлік индустрияландыру картасына құны 29 млрд. 491 млн. теңгенің 2 жобасы енгізілді. Ауылшаруашылығы өнімін өндіруде облыс бойынша ауданның үлесі 17 пайызды құрап отыр. Әлеуметтік саладағы мәселелерде кезең кезеңімен шешімін табуда.
Ауданның әлеуетін көтеріп, салық базасының нығайыуына септігін тигізетін тағы бір үлкен жоба іске асқалы жатыр. Наурыз айында Шиеліде жалпы құны 74 млрд. теңгені құрайтын цемент зауытының құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары кезінде 1200 адам жұмысқа тартылса, зауыт толық іске қосылғанда 260 тұрақты жұмыс орын ашылады.
- Шиелі ауданының бағындырған белестері, жеткен жетістіктері Сіздердің ауызбіршілікпен, бір кісідей жұмыла атқарған жұмыстарыңыздың жемісі деп білемін. Көріп отырғандарыңыздай ауданда ауқымды істер мен көптеген тірліктер атқарылған. Дегенмен де, тоқмейілсуге болмайды. Ауданның халықаралық қаржылық институттары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы тығыз байланыста жұмыс жасауына мүмкіншілік мол. Сондай-ақ биыл өңірлік инвестициялық орталық арқылы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қаржыландыруды 3 есеге арттырамыз. Осы мүмкіндікті пайдаланыңыздар, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың басым бөлігі экономикалық қиын кезеңде жұмыс орындарына және әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты болды. Облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалар мен қатар жеке әріптестік негізде бұл мәселелерді шешу бағытында жұмыс жалғасатынын жеткізді.
Жалпы, Шиелі ауданының облыс аудандары ішінде даму тенденциясы артып келе жатыр.