ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЗЕЙНЕТКЕР КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСАДЫ
Осыдан бір жыл бұрын Қазалы ауданының тұрғыны, зейнеткер Кемал Аманов мемлекеттік қолдау аясында құрылыс материалдарын шығаратын шағын зауыт ашты.
Кәсіпкерлік қызметін кеңейту мақсатында жобасын «Даму» қорының 50% кепілдендіруімен «Банк Центр Кредит» АҚ-нан несие рәсімдеді. Несие қаражаты газобетон блоктарын өндіруге арналған жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалды. Қазіргі таңда шағын цехтың өндірістік қуаттылығы жылына 250 мың дана газобетон шығаруға жеткілікті.
Жеке кәсіпкер Кемал Аманов «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, өз бизнесін қайта жаңғыртуға мүмкіндік алып, бір жылдың ішінде өз жоспарын сәтті жүзеге асырды.. Жобаның жүзеге асуы барысында жаңадан 7 жұмыс орны ашылып, оған жергілікті тұрғындар тартылды.
Кемал Амановның сөзінше, бизнеспен ол зейнетке шыққан соң айналысуды қолға алған. 40 жылдық тәжірибесі бар инженер өзінің білімін құрылыс заттарын шығару өндірісін бастап, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға жұмсады.
- Біздің компания Қазалы ауданында алғаш болып газобетон өндірісін қолға алды. Осы уақытқа дейін газобетон шығару өндірісін тек ірі кәсіпорындар атқарса, қазіргі таңда жаңа замандық мини-зауыттар сатып алып, кішігірім өндіріс орнын ашуға болады. Мен осы мүмкіндікті жіберіп алмай, қажетті барлық құрал-жабдықтарды несиеге алып, бүгінде құрылыс компаниялары мен аудан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, әрі мықты, әрі үнемді газобетон материалын шығаруды бір жөнге қойдым, - дейді жеке кәсіпкер Кемал Аманов.