АСТАНАДА ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ҰСТАЗ АНЫҚТАЛДЫ
Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов бірқатар оқытушыларға «Жоғарғы оқу орындары арасындағы ең үздік ұстаз - 2015» атағын тапсырды, - деп хабарлады «Қазақпарат».
«2015 жылдың қорытындысы бойынша 61 оқу орнынан барлығы 200 оқытушыға осы марапатқа ие болды. Үздік оқытушылардың 42 пайызы - ғылым докторлары, 53 пайызы профессорлар екен. Бұл ұстаздар Қазақстан экономикасының əр саласына қажетті білікті жастарды оқытып жатқанына сенімдімін. Отандық білімнің дамуына да осындай жан-жақты ұстаздардың қосар үлесі зор», - деді Білім министрі.
Бұл грант иелері Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Венгрия, Швеция, Австрия, Болгария, Литва, Латвия елдерінің ең жақсы оқу орындарында тəжірибеден өте алады. Сондай-ақ, əрбір үздік ұстазға 2000 қысқа айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант беріледі. Министрліктің мəліметіне сүйенсек, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 848,4 млн мың теңге бөлінген.
«Үздік ұстаз бір жыл ішінде əртүрлі халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларға, əртүлі конгресстер мен семинарларға қатыса алады. Осылайша, мемлекет білімді маман оқытатын білікті ұстаздарға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр»,-деді А.Сəрінжіпов.