СЕНАТОР ҚЫМЫЗ БЕН ШҰБАТ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУДЫ ҰСЫНДЫ
Үкімет қазақтың ұлттық сусындарын қорғай ала ма? Бүгін сенаторлар қымыз бен шұбат туралы арнайы заң қабылдауды ұсынды. Тіпті құжатқа оның дайындалу әдісін, дәмі мен иісінің қандай болуы керектігіне дейін жазуды сұрап премьер-министрге үшбу хат жолдады.
Алайда, ұсыныс кеш айтылған секілді. Себебі қымыз бен шұбат шетелдіктердің иелігіне әлдеқашан өтіп кеткені белгілі. Қымызды немістер патенттеп алса, ал шұбат евррейлердің қолында. Сөйтіп қазақтың ұлттық сусындарын меншіктеп алып миллиондап табыс тауып жатыр. Қымыз бен шұбаттың көркін қыздырудан Жапония мен Батыс Еуропа да қалысар емес. Бір ғана көрші Ресейде 80-ге жуық фирма бар. Бізде керісінше. Ауруханаларда түберкулез ауруын емдеу үшін тегін беріліп келген қымыз беру тоқтатылған. Қаржының жоқтығынан. Енді жаңа заң қабылданған жағдайда, бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс.
«Ол заңда оларды классикалық дайындау үлгілері, сүтке қойылған талаптар, стандарттар, физико-химиялық және иіс дәмдік қасиеттері, сақтық шаралары жазылуы тиіс. Қымыз бен шұбат өндіретін фермерлерді ынталандыру үшін заңда мемлекеттік жеңілдіктер қарастыру қажет», - деді Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов.