«ЖАСТАР – ОТАНҒА!» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
«Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығында «Жастар – Отанға!» жобасының 2015 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысына арналған брифинг өтті, - деп хабарлады «Нұр отан» партиясының сайты.
Шара барысында «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының басшысы Аян Сакошев, Қазақстан жастар Конгресінің атқарушы директоры Айдын Сәбитов және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Республикалық штабының басшысы Рахат Хамидулин журналистермен кездесіп, «Жас Отан» Жастар қанатының осы жоба аясында өткен жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы жылы жоспарларымен бөлісті.
Ағымдағы жылы жоба аясында «Жас Отан» ЖҚ жастар ұйымдарымен 2016 жылға арналған бірлескен жоспарға қол қойылды. Бұл белсенді жастарды қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жоба аясында 2015 жылы «Кеңес орталығы» консалтинг орталықтарында 27 мыңнан астам адамға жұмыс, баспана және елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға қатысты кеңестер берілді. Аталған орталықтардың мақсаты ауылдық жастарды ақпараттандыруға, заң мәселелері бойынша жеке консультативті көмек және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.
Өткен жылы «Жастар - Отанға!» аймақтық жастар саяси лагерінде 560 адам қатысты. Биыл лагерь облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылады. Оған қоса республикалық деңгейдегі 300-ге жуық адам тартылмақ.
Өткен жылы «Еріктілер мектебі» шеңберінде елімізде 600-ден астам Ұлы Отан Соғысы, тыл ардагерлеріне және көмекке мұқтаж егде адамдарға көмек көрсетілді.
Еске сала кетейік, «Жастар – Отанға!» жобасы 2009 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жобаның мақсаты – жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгерлішікті құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау болып табылады.
Жоба «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, сонымен қатар, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген болатын. Жоба аясында «Кеңес орталығы» консалтинг орталықтары, «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагері, «Еріктілер мектебі», «Қазақстаным таза мекенім» және «Әскердегі бір күн» т.б. акциялары ұйымдастырылады.