«БІЗ ҚҰМКӨЛ КЕНІШІ ҮШІН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУГЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ СТАВКАСЫН АЗАЙТУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК»
2015 жылдан бастап Құмкөл кеніші рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызылған көмірсутек шикізаты кеніштерінің тізбесіне енгізілді. Құмкөл кеніші үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ПҚӨС) ставкасы 0,35% деңгейінде белгіленді. Бұған дейін ПҚӨС ставкасы 7% құраған болатын.
2015 жылы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №1132 қаулысына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан ұсынылған 50 өтінім ішіннен тек 10 өтінім ғана оң шешімін тапты, 6 мұнай компаниясынан және 4 тау-кен компаниясынан. Яғни, осы он жер қойнауын пайдаланушыға өтінімге пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты (ПҚӨС) жеңілдікпен салу құқығы ұсынылды. Соның ішінде Құмкөл кеніші бойынша тапсырылған біздің өтініміміз мақұлданып, ПҚӨС-тің жеңілдік ставкасын 0,35% мөлшерінде белгіленді. 2015 жылдағы үнемдеудің алғашқы пайдасы «ПҚҚР» АҚ үшін шамамен 1 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, бұл жеңілдік ставкасы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс мерзімінің соңына дейін қолданылатын болады, яғни, егер аталған кен орнының рентабельділігі 25%-дан аспайтын болса, «ПҚҚР» АҚ алдағы жылдарда да бұл кен орны бойынша ПҚӨС-ті үнемдей алады.
30 жылдық өнеркәсіптік игеру тарихы бар Құмкөл кеніші үшін ПҚӨС ставкасын азайту туралы Үкіметтің бұл шешімі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты әлемдік дағдарыс кезеңінде активтеріміздің қаржылық жағдайын жақсартуға, болашақта қосымша инвестициялар тартуға және осылайша еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Салық бөлімі мен мұнай-газ игеру бөлімінің әріптестерімізге «ПҚҚР» АҚ үшін ауыр дағдарыс кезеңінде қаражатты үнемдеу мақсатында осыншалықты айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгені үшін зор алғыс білдіргім келеді.
Қуаныш ӘЖІБЕКОВ,
«ПҚҚР» АҚ бас бухгалтер