CALL-ОРТАЛЫҚ АШЫЛҒАЛЫ АҚ ХАЛАТТЫЛАРДЫҢ АТЫНА АРЫЗ-ШАҒЫМ АЗАЙҒАН
Қызылорда облысы бойынша үшінші нейроинсультті орталық ақпан айында Қазалы ауданында ашылады. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова «Сыр Медиа» ЖШС-нің облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде мәлімдеді.
Сондай-ақ Байқоңыр қаласында 120 төсек орындық мамандандырылған қазақстандық медициналық ұйым ашу туралы келісім жасалды. Ақмарал Әлназарова салада кадр тапшылығы мәселесінің де оңтайлы шешіле бастағанын тілге тиек етті. «Осыдан 7-8 жыл бұрын өңірде 10 пайыз дәрігер жетіспейтін. Бүгінде тек 50 маманға қажеттілік сезіледі», - деді басқарма басшысы.
Бірыңғай call-орталық ашылғалы ақ халаттылардың атына арыз-шағым азайған. Өйткені осында жүгінгендердің мәселесін орталық мамандары дер уақытында шешуге күш салады. Енді ұялы телефон арқылы да қажетті дәрігерді алдын ала таңдап, қабылдауына жазылып қоюға мүмкіндік туды. Осы мақсатта emdeu.kz порталы жұмыс істемек.
«Облыстық периниталды орталық базасындағы генетикалық орталықта жатырішілік туабітті ақауларды анықтау үшін инвазивті тәсіл енгізілді. Бұл әдіс бұрын Алматы, Астана қалаларында ғана жасалатын. Оған аналарымыздың бірі барса, екіншісінің жағдайы көтермейтін. Қазіргі күні облыстың өзінде түрлі ақаулардың алдын алуға жол ашылды», - деді Ақмарал Әлназарова.
Назерке САНИЯЗОВА