ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 34 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-нің облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Оңтүстік» өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының өкілдері өткен жылғы жұмыстарды қорытындылады.
Департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Марат Қобыландиев айтқандай, биыл қаңтар айында облыста тіркелген төтенше жағдайлар саны өткен жылғы есепті кезеңдегіден 5 есеге дейін өскен. Бұған газдан улану жағдайларын есепке алу себеп болды. Департаменттің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев жыл басынан бері 34 өрт оқиғасы тіркелгенін атап өтті.
- 2015 жылы бұл көрсеткіш 7,4 пайызға азайған. Одан зардап шеккен адамдар саны – 17,6, қаза тапқандар саны 22,2 пайызға азайған. Өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзған 402 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды, - деді басқарма басшысы.
«Оңтүстік» өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының бастығы Бақыт Ембергенов мұздың толық қатпағанына қарамастан адамдардың өз өмірлерін қатерге тігіп жүргенін жеткізді. Түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізгенімен оған құлақ асып жатқаны шамалы.
- Суға түсуге болмайды деген 27 тақтайша қойылған болатын. Соның қазір 4-5-еуі ғана қалды. Қалғанының бәрі қолды болған. Мұны ешкім сырттан келіп істемесі анық, - деді Бақыт Ембергенов.
Назерке САНИЯЗОВА