ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ҚАЖ Комитеті Режим қадағалау басқармасының бастығы, әділет полковнигі Б.Оразалин Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерін аралап, сотталғандардың тұрмыстық жағдайынмен танысты.
Содан соң Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жедел кеңес өтті. Онда Қызылорда бойынша ҚАЖ департаментінің 2015 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы қаралды. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет майоры Т.Тұрсынбаев департаменттің жұмысын қорытындылады. Сонымен қатар ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінің бастықтары, әділет полковнигі Ж.Қарсақбаев, ЗК-169/4 мекемесінің бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Ж.Әбдіқайыров, әділет майоры Т.Қалымбетов жыл қорытындысы бойынша өз есептерін берді. Режим қадағалау басқармасының бастығы, әділет полковнигі Б.Оразалин департаменттің және оның бөлімшелерінің жұмысына оң бағасын беріп, алда әлі де атқарылар жұмыстар бар екенін айтып өтті.
Жедел кеңес соңында Б.Оразалин Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерін ҚР ІІМ -нің І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен және ЗК-169/5 мекемесінің бастығы, әділет майоры Т. Қалымбетовты ҚР Ұлттық Ұланының Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Р.Жақсылықовтың грамотасымен марапаттап, қызметтерін абыроймен алып жүруіне тілек білдірді.