2013 ЖЫЛЫ ҚҰЛАҒАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАНЫ ҮШІН РЕСЕЙ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМЕЙДІ
2013 жылы құлаған «Протон-М» зымыраны үшін Ресей Қазақстанға өтемақы төлемейді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы тілшісінің сұрағына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко айтты.
«Зымыран ауада жарылды. Оның құрамындағы гептил толықтай жанып кеткен. Сондықтан ешқандай зиянын тигізбеді», - деп сендірді вице-министр. Келісімге сай Ресей тек Байқоңыр ғарыш айлағының инфрақұрылымына зиян келсе ғана өтемақы төлеуге міндетті көрінеді. Ал отандық мамандар мен шенеуніктер гептилдің ғарыш айлағынан тыс аумақты улағанын дәлелдей алмаған.
Владимир Божконың сөзіне сенсек, зымыран ауада жарылып, гептил өртеніп кетіп, экологияға бір түйір залал келмеген. Ал сенаторлар бұған сенбейді. Мәселен, Мұрат Бахтиярұлы қоршаған ортаға зиян тимеуі мүмкін емес деген пікірде.
Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ресей тарапының шығынды өтемегені өте өкінішті. 13 миллиардтың үстіндегі қаржы Ресей үшін көп те емес. Экологиялық зардап келді. Естеріңізде болса, былтыр киіктердің, ақбөкендердің қырылғанын кейбір мамандар, сарапшылар содан көріп жатыр. Сондықтан Қазақстанның жағында осы шығындарды есептейтін мамандардың, арнайы зертханалардың жоқтығы кедергісін келтірді.
«Протон-М» зымыран тасығышы 2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан көкке көтеріле бере омақаса құлаған еді. Сол тұста «Аэроғарыш» комитетінің төрағасы: «Шығын Қазақстан мен Ресей ортақ есеп әдістемесін дайындап шығарған кезде төленеді», - деген болатын.
Осылайша Қазақстан Үкіметінің өтемақыға қатысты талабы да, отандық комиссиялардың зерттеулері де зая кеткен сыңайлы. Ал зымыранмен бірге жарылған 200 тонна улы гептил мен 400 тонна амил қазақ топырағына сіңіп кетті ме, әлде шынында ауада жанып жойылды ма – бұл сұрақтың нақты жауабын табу күрделі күйінде қалып тұр.