КАНДИДАТТАРДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННАН
Орталық сайлау комиссиясында барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну барысы туралы брифинг болды, - деп хабарлады ОСК сайты.
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 1 ақпандағы таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша республикада мәслихаттар депутаттығына барлығы 1050 кандидат ұсынылды.
Олардың ішінде:
• 107 – сі облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарға;
• 804 -і аудандық мәслихаттарға;
• 139 -ы қалалық мәслихаттарға.
2 кандидатты саяси партиялар, ал 1048-і өзін-өзі ұсынды.
Қазіргі сәтте ұсынылған кандидаттардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (239 адам), Қарағанды (197 адам), Шығыс Қазақстан (132 адам) және Қостанай (95 адам) облыстарында ұсынылды.
Ұсынылған кандидаттардың 5-еуі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, 553-і партияда жоқ, тағы 492-сі өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген.
Ұсынылған кандидаттардың арасында 16 ұлттың өкілі бар.
Ер адамдар – 693 (66 %), әйелдер – 357 (34 %).
Орташа жасы - 41 жас.
720 кандидаттың (68,6 %) жоғары білімі, 257 - сінің (24,5 %) арнаулы орта және 72-сінің (6,9 %) орта білімі бар.
Кандидаттардың 56 %-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 38%-ы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 6 %-ы – басқа кәсіппен айналысады.
Округтік сайлау комиссиялары 28 кандидатты тіркеді.
Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.