ҚАЗАҚСТАНДА 6 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ АККРЕДИТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖОҒАРҒЫ САНАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының (ДСДРО) Аккредиттеу орталығы 2015 жылғы аккредиттеу қорытындыларын жариялады, - деп жазады primeminister.kz сайты.
«Астанадағы Ұлттық ғылыми-медициналық орталық, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық; Өскемендегі «Ана мен бала орталығы», Ақтаудағы Sofie Medgroupe көппрофильді клиникасы, Алматыдағы ЭКО орталығы ең үздік нәтиже көрсетіп, 3 жыл мерзімге берілетін жоғары категория алды», - делінген ДСДРО хабарламасында.
Былтыр бұл ерікті шараға қатысуға 241 емхана мен аурухана ниет білдірген. Оның 202-сі - мемлекеттік, 39-ы жеке мекемелер. Кешенді бағалау жүргізуге арнайы дайындықтан өткен 235 сарапшы қатысқан. Олардың ішінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің, оның аумақтық департаменттерінің, ДСДРО-ның Аккредиттеу орталығының қызметкерлері, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін мамандар бар.
Аккредиттеу шарасы жаңартылған әдістеме бойынша (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 10 наурыздағы № 127 «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» бұйрығы) жүргізілді. Оған сәйкес аккредиттеу қорытындысы бойынша 3 категория (екінші, бірінші, жоғарғы) қарастырылған.
ДСДРО мәліметіне сәйкес, кешенді бағалау қорытындысы бойынша 232 медициналық ұйым аккредиттеуден сәтті өтті. Оның ішінде 142-сіне – екінші категория, 84-іне – бірінші категория тағайындалса, алты медициналық мекеме ең жоғарғы категорияға ие болды. Аккредиттеуден өте алмай қалған мекемелер саны – 9.
«2015 жылғы аккредиттеуге қатысқан медициналық ұйымдардың 4 пайызының жұмысы стандарттарға сәйкес емес деп танылды. Оларда негізінен тәуекелді менеджмент, пациенттердің 6 халықаралық қауіпсіздік мақсаттарын енгізу, клиникалық және клиникалық емес үдерістерді енгізуге қатысты проблемалар анықталды», - деп түсіндірді ДСДРО-да.
Медициналық ұйымдарды аккредиттеу – мекемеде пациенттерді қабылдауға және емдеуге барлық жағдай жасалғанын ресми мойындау. Бұл шара денсаулық сақтау жүйесінің қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Аккредиттеу барысында басшылық, ресурстарды басқару, қауіпсіздікті басқару, пациенттерді емдеу және күту шараларын ұйымдастыру деңгейі бағаланады.