ҚАЗАҚСТАНДА АҚПАН АЙЫ ЖЫЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында жылы, нормадан 1 градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Тек оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық норма шамасында болатыны айтылады.
Елдің батысында шамадан тыс жауын-жашын, ал қалған территорияда норма шамасында болады. Айдың бірінші декадасында жауын-шашын күтіледі, бұл жиі келетін белсенді циклондарға байланысты. "Екінші декадада солтүстік бөлікте түнде ауа температурасы 7-17 градус аязға дейін, күндіз 2-10 градус аязға дейін түседі, оңтүстік бөлікте жылымық, күндіз 0-8 градус жылы, ал соңында температура аздап түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.
Ақпанның екінші декадасы орташа деңгейде жауын-шашынды болады. Ауа температурасы солтүстік бөлікте 25-32 градусқа дейін түседі, республиканың шығысында 32-38 градус аязға дейін, күндіз 12-20 градус аязға дейін, оңтүстік бөлікте түнде 15-22, күндіз 6-15 градус аяз болады делінеді. Ал үшінші декадада республиканың басым бөлігінде түнде 15-22, күндіз 6-15 градус аяз күтіледі екен. Бірақ үшінші онкүндікте республиканың басым бөлігінде белсенді циклондардың өтуіне байланысты қар жауып, жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін, сонымен қатар ауа температурасы солтүстікте күндіз 3-8 градус аяз, ал оңтүстікте 7 градус жылы болады.