ШАРУАЛАРЫМЫЗ НЕСИЕНІ 8% МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН АЛАДЫ
ҚазАгро өкілдері жақында СҚО-да жиын өткізіп, ауыл шаруашылығының өндірушілерін 2016 жылғы егін науқанына бағытталған қаржыландыру түрлерімен таныстырды. Биыл кооперация және ортақ жауапкершілік негізінде жаңа қаржыландыру формалары ұсынылды. Шаруашылық өзінің таңдауы бойынша қаржыландырудың бір немесе бірнеше түріне жүгіне алады. Барлығын санағанда қаржыландырудың 5 түрі бар.
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі биыл егін науқанына 60 млрд теңгеге бюджеттік несие бағыттайды. Несиелер екінші деңгейлі банктер және холдингтің еншілес ұйымдары арасында үйлестіріледі.
Біріншіден, екінші деңгейлі банк арқылы 7,5-8% мөлшерлемемен, банктің шарттарына қарай кепілдік мүлікпен несие алуға болады. Екіншіден, «ҚазАгро» АҚ-ның еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы тікелей банктік кепілмен несие алу мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай фермерлерге 5 пайыздық мөлшерлеме ұсынылады. Үшіншіден, аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша микроқаржылық ұйымдар мен несие серіктестері қызмет етеді. Аталған жүйе арқылы несие алу 9 пайыздық мөлшерлемені құрайды. Төртіншіден, «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ арқылы астықты (атап айтқанда, бидай мен арпаны) форвардтық сатып алу жүйесімен алу ұсынылады. Мұнда жылына 5 пайыздық мөлшерлемемен 1 га жер теліміне 6 мың теңгеге дейін беріледі.
Қаржыландырудың бесінші түрі шағын және орта ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бағытталып отыр. Есептесудің екі түрі қарастырылған: Азық-түлік корпорация белгілеген бағамен астық беру немесе қаржы алушы тауарды өзінде қалдырған күні көрсетілген қызмет үшін ақша төлеу қажет болады.