«БЖК-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАН ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ФИЛИАЛДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына белсенді қатысқан екінші деңгейлі банктердің филиалдарын марапаттады. Олардың қатарында «Қазақстан Халық Банкі», «Сбербанк» және «Fortebank» АҚ-лары бар.
Аймақта жобаларды кепілдендіру мен субсидияландыру бойынша ең көп келісімшарт жасаған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы көш бастап тұр. Барлығы жалпы сомасы 1713 млрд. теңге болатын 48 субсидияландыру келісімшарты және құны 830 млн. теңгені құраған 27 кепілдендіру келісімшартына қол қойылды.
«Сбербанк» АҚ және «Fortebank» АҚ «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы ең үздік үш банктің қатарында. 2015 жылы банктер жалпы құны 2194 млрд. теңге болған шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларын қаржыландырды.
«БЖК-2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған компаниялар алған несиелеріне құрал-жабдықтар сатып алып, бизнесті қайта жаңғырту мен дамыту бағытында, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға жұмсады.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы директоры Жансұлтан Матаев «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы облысымызда жүзеге асуына қосқан үлестері үшін екінші деңгейлі банктердің өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар іс-шарада «Даму» қорының менеджерлері банк өкілдеріне айналым қаражатын толықтыруға жұмсалатын несиенің үстеме пайызын субсидиялау механизмін түсіндірді.
Еске сала өтсек, ҚР Ұлттық Қорынан айналым қаражатын толықтыруға жұмсалатын несиенің үстеме пайызын субсидиялауға 7,2 млрд. теңге бөлінген болатын, оның ішінде Қызылорда облысына 118 млн. теңге тиесілі.