«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ «ҚАЗАҚСТАН 2021: БІРЛІК. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Астанада өткен «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы қабылданды.
«Алдымыздағы бес жыл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы тағдыр-талайы қандай болатынын айқындайды. Біздің еліміздің, беріктігі, біздің бәріміздің беріктігіміз сынға түсетін болады. Баршамызды елді жаңарту орайындағы ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біздің міндетіміз елді сақтау, Егемендікті нығайту және Ұлттың болашаққа барар жолын батыл ашу. Біз жаһандық сын-қатерден бұғып қала алмаймыз. Біз осыған қасқайып қарсы тұруға тиіспіз», - делінген бағдарламаның кіріспесінде. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын қамтиды.
Тұтастай алғанда, бағдарлама 8 бөлімнен тұрады. Онда жаһандық сын-қатерлер және жаңа нақты ахуал мәселелеріне шолу жасалып, нақты іс-қимылдар қамтылады. Экономикалық қайта өрлеудің негізгі бағыттары айқындалады. Жаңа әлеуметтік саясат бекітіледі, соның ішінде тиімді әлеуметтік мемлекет, тұрғындардың осал топтарын қолдау, еңбекпен қамту, жаңа тұрғын үй саясаты, денсаулық пен білім беруді үздік әлеуметтік стандарттарға жеткізудің нақты жоспарлары көрсетіледі.
Бұдан бөлек, экономикалық қайта өрлеу бағыттары бойынша жекешелендіру және тиімді меншік иелерін қолдау, орта тап - елдің жалпы дамуының ресурсы, жаңа инвестициялық саясат, экономикалық қауіпсіздік шараларының нақты жоспары айқындалады.
Тұтастай алғанда, партияның сайлау алды бағдарламасында қамтылған мақсаттарға қол жеткізу жолы бүкіл қазақстандықтардың бірлескен іс-қимылында жатыр. «Сондықтан да, партиямыз Қазақстанның барлық азаматтарын бірлікке шақырады. Бүгінгі біздің басты миссиямыз - қоғамды Елбасы Н. Назарбаевтың төңірегіне топтастыру. Оның стратегиялық бағыты дағдарыстан нығайып және бәсекеге анағұрлым қабілетті етіп шығуға жағдай жасайды», - делінген бағдарламада.
Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы барлық отаншыл азаматтарды еліміздің игілігі үшін өз бағдарламасын қолдауға шақырады.
«Қазақпарат»

Комментарии 1