2021 ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛДАРЫ «БАЙҚОҢЫРДАН» РЕСЕЙЛІК БИОСПУТНИКТЕР ҰШЫРЫЛАДЫ
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы 2025 жылға дейін биологиялық зерттеу жүргізу мақсатында екі ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлады «Интерфакс-АВН» агенттігі.
№2, 3 «Бион-М» жерсеріктерін ұшыру 2021 және 2025 жылдарға белгіленген. Агенттік өкілінің сөзінше, ғарыштық аппараттар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2-1б» зымыран тасымалдағышының көмегімен көкке көтерілмек. Федералды ғарыштық бағдарлама жобасының бұған дейінгі нұсқасында 2019 және 2022 жылдар делінген болатын.
«Бион-М» жерсерігі орбиталық кеңістікте ғарыштық биомедицина, биотехнология бойынша негізгі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге арналған. Жерсеріктегі тәжірибе ұзаққа жоспарланған ұшырылымдар мен экстремалды жағдайдағы адамның қызметі бағытындағы медициналық жүйені қамтамасыз етеді.
1973-1996 жылдар аралығында «Бион» жерсерігінің 11 ұшырылымы жүзеге асырылған. Тұңғыш «Бион-М» аппараты 2013 жылы ұшырылды.