ҚР-НЫҢ ХҚКО-ТАРЫНДА ЭКСТЕРНМЕН ОҚУҒА РҰҚСАТ АЛУҒА БОЛАДЫ
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады, деп мәлімдейді «ХҚКО» РМК-да.
Ұйымның мәліметінше, экстернат нысанында оқуға өтініш беру үшін тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгіну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы білім беру мекемелерінде оқуға мүмкіндігі жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.
«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтініш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейін олардың мүддесін ата-аналары немесе заңды қамқоршылары білдіреді. Айтпақшы, уақытыңыз шектеулі болса, ХҚКО-ға кезекті электрондық үкімет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегі де жоқ. ЖСН-ды енгізіп, қызметті алғыңыз келетін ХҚКО-ны көрсетсеңіз жеткілікті», - деп түсіндірді «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева.
Қызмет 15 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі. Бұл ретте өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Хабарламада мәлім болғандай, қызметті алу үшін өтінішті толтыру керек, сол сияқты өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс: дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы; 1/е нысаны, соңғы оқыған сыныбындағы үлгерім табелінің көшірмесі және көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшін түпнұсқа.
Қажет болған жағдайда білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат қажет болуы мүмкін.
15 жұмыс күнінен кейін сіз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды ала аласыз. Айта кетейік, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берілді.