ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫ ТЕГІН ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСТЫ
«Beeline Қазақстан» компаниясы «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық акциясы аясында Қызылорда қаласындағы нашар еститін балаларға арналған №6 мектеп-интернатты интернетке қосты. Қайырымдылық жобасының тұсаукесері бүгін осы мектеп-интернатта өтті.
Шара облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда топ жарып жүрген талантты балалардың – «Балауса» домбырашылар ансамблі, «Жауқазын» бишілер тобының өнерінен бастау алды. Одан соң сөз алған облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова:
- «Beeline Қазақстан» компаниясымен бірге бұған дейін де ауқымды жобаларды жүзеге асырдық. Соның ішінде «Қонақжай отбасы», «Мектепке» жол акцияларын ерекше атағым келеді, - деді.
Бүгінде облыста мүмкіндігі шектеулі 6 мыңға жуық бала бар. №6 мектеп-интернатта 90-ға жуық бала тәрбиеленуде.
- Оның 40 шақтысы – Қызылорда қаласынан, ал қалғаны – аудандардан. 2011 жылы Алматыдағы бір жиында өзім бастама көтерген едім. Облыста бірінші боп біздің ұжымның осы мүмкіндікке қол жеткізгеніне қуаныштымын. Интернет бізге оқытудың барлық кезеңінде көмектесуі тиіс, - деген мектеп-интернат директоры Қуаныш Изатуллаев компания басшылығына ұжымның алғысын жеткізді.
«Beeline» желісінің ұшқыр сымды интернеті еліміздің бүкіл қаласында бар.
- Биыл желтоқсанға дейін шынымен мұқтаж жандармен қолымыздағы бағалы ресурстармен бөлісуге дайын екеніміздің белгісі ретінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 10 әлеуметтік мекемеге тегін интернет сыйлайды, - деді компанияның бас атқарушы директоры Александр Комаров.
2014 жылы қанат қаққан жоба аясында 11 қаладағы әлеуметтік 15 мекеме тегін ұшқыр интернетті пайдалануда. №6 мектеп-интернат енді солардың қатарында. Енді нашар еститін балалар да, мұғалімдер де оқу процесінде интернеттің көмегіне жүгіне алады.
Назерке САНИЯЗОВА