ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НӘТИЖЕСІНДЕ 30 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Мемлекеттік қолдау аясында қызылордалық кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктен несие алу үшін қажет кепілдіктің жетіспеушілігі мәселесін «Даму» қорының кепілдендіру құралы арқылы шешті.
«Даму» қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы 6 жеке кәсіпкерлік субъектісімен кепілдендіру келісім шартын жасады. Соның 2-уі «Retail A-A» ЖШС және ЖК «Нұғманова Б» нан және кондитерлік өнімдер шығару өндірісімен айналысады.
Жеке кәсіпкер Бауыржан Көлдеев Арал қаласында мал бордақылау цехын ашуды жоспарлап отыр. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан рәсімделген несие қаражаты мал бордақылау цехын салуға қажетті жер учаскесін сатып алуға және етті өңдеу мен сақтауға қажетті құрал-жабдықтарды алуға жұмсалатын болады. Сондай-ақ жеке кәсіпкер Бауыржан Көлдеев малға беретін жемді сатып алмай, өзі шығаруды да көздейді. Қор тарапынан кәсіпкерге банктен несие алуы үшін жобасының 44% тең сомада кепілдендіру берілді.
Тағы бір Арал ауданында жүзеге асырылатын жобаның бірі Даму қоры тарапынан қолдау тапты. Жеке кәсіпкер Үржан Жетпісбаева Арал қаласында орналасқан әмбебап сауда үйінің құрылысын аяқтау үшін несие алды. Кәсіпкердің жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржыландырды.
«Ая-Хан» ЖШС компаниясы оқыту-клиникалық орталығын дамытуды жоспарлап, мемлекет қолдауы аясында «Сбербанк России» АҚ-нан 45 млн.теңге көлемінде несие рәсімдеді және сол несиеге қол жеткізу үшін «Даму» қорының 40% кепілдендіруін пайдаланды. Оқу орталығының дамуы жобасын жүзеге асыру барысында компанияда құрал-жабдықтың барлығы бар, ендігі қажеттілік несие қаражатына оқыту-клиникалық орталығын орналастыратын ғимартты сатып алу мен оны күрделі жөндеуден өткізу мәселесі оң шешілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму» қоры ЖК «Ай-Диль» компаниясының жобасына қажетті 85% кепілдемені беруді қолдады. ЖК «Ай-Диль» жобасының негізінде оқу орталығының кеңейтілуі қарастырылған. Оқу орталығы негізінен ағылшын тілі курсы және қосымша оқушыларға арнап мектеп бағдарламаларын оқыту бағытымен жұмыс жасайды. Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қаражат несие ретінде «Банк Центр Кредит» АҚ-нан рәсімделді.
Кәсіпкерлер қол жеткізген несиелердің үстеме пайызы мемлекет тарапынан 10 %-ға дейін субсидияланатын болады. Жобалар сәтті жүзеге асқанда, жаңадан 30 тұрақты жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады.