ИИДБ-НЫҢ ЕКІНШІ БЕСЖЫЛДЫҒЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ТІКЕЛЕЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТОҚТАЙДЫ
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында жобаларды тікелей қаржыландыру тоқтайды. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев «Астана» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Есесіне бюджет қаражатының 80 пайызы жаңа кәсіпорындардың ашылуына негіз болатын макроэкономикалық жағдайды жақсартуға жұмсалмақ. «Бағдарлама аясында «мемлекеттің жекелеген жобаларға құйған инвестициясы ақталмады» деген мағынадағы сынды жиі естиміз. Белгілі-белгісіз себептермен кәсіпорын толық қуатында жұмыс істемей жатады. Сондықтан өңдеуші кәсіпорындардың ашылуына экономикалық негіз жасауға тиіспіз. Бюджет қаражатының да, күш-жігердің де басым бөлігін осы мақсатқа жұмсаймыз деп шештік», - деді вице-министр.