ҚЫЗЫЛОРДАДА СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛУДА
Қызылордада қыс және көктем кезеңінде су тасуының алдын алу зардаптарын жою бойынша облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары өткізілуде, - деп хабарлады «Хабар» телеарнасы.
Апаттық-құтқару қызметінің құрылымдары өзен бойында жырылу қаупі жоғары 27 бөлікте дайындықтарын пысықтау үстінде. Оқыс оқиға болған жағдайда, тұрғындарды көшіретін 100-ден астам бекетті әзірленді.
Ауа райының жылылығына байланысты биыл дария бетінде қалың мұз ұстасқан жоқ. Тек Қазалы, Арал аудандарында ғана шағын мұз қатқақтары шоғырланған. Дегенмен, мұның өзі кептеліс туғызып, бөгеттің сөгілуіне алып келуі мүмкін. Жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан 60 метрлік жасанды бөгеттер тегін берілген. Жоғары қысымға шыдас беріп, жылдам құрылып-жиналатын бөгет арқылы мол су арнасын өзгертуге мүмкіндік жасалып отыр. Сондай-ақ мамандар тобы 21 гидротехникалық құрылғылар жөндеуден өтуі тиіс деп санайды.