ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрғасының орынбасары, генерал-майор Ж.Қ.Жұмашев Қызылорда облысы ТЖД қызметінің 2015 жылға қорытындысы бойынша жиын өткізді.
«Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2015 жылғы жедел-қызмет жұмысының қорытындылары және 2016 жылға алға қойылған мақсаттары» тақырыбында департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Қ.Бержанов баяндама жасады.
«Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекет жүргізу тұрғындар мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етудің негізі болып табылады. «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бөлімінің 7-тармағына және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі комиссиясы ережесіне сәйкес облыстық, қалалық, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі комиссиясы құрылып, жұмыс жасауда. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудандар әкімдеріне 2015 жылғы ТЖК жоспарларына Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласындағы кезек күттірмейтін мәселелерді енгізуге ұсыныс жасады.
2015 жылы Қызылорда облысы, қала және аудандардағы ТЖК-ның жалпы саны 67 отырысы қаралып, өзекті мәселелер шешімін тапты. Оның ішінде: облыстық ТЖК-7 отырысы, 60 - қалалық, аудандық ТЖК отырыстары өткізілді. Яғни, Қызылорда қаласында – 7; Арал ауданында – 10; Қазалы ауданында – 8; Қармақшы ауданында – 8; Жалағаш ауданында –3; Сырдария ауданында–5; Шиелі ауданында–6; Жаңақорған ауданында - 13.
Облыс аумағындағы орын алуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 2506 құрылым құрылған. 2015 жылы 2525 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 433 адам құтқарылды (оның ішінде 185 бала), сонымен қатар 256 адамға медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдай аймағы және қар құрсауы мен авариялардан 360 адам мен 40 автокөлік қауіпсіз жерге көшірілді.
2015 жылы «Жартасты қала Астана» оқу полигонында өткізілген «Қазқұтқару-2015» халықаралық жиын-семинарда Департаменттің «Жас құтқарушы» командасы жүлделі 2-орынды және Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген ХІІІ Халықаралық жас құтқарушы-өрт сөндірушілер слетіне «Жас құтқарушы» командасы ТМД елдерінің 15 командасының ішінде 4 орынды иеленді.
2013 жылдан бастап республикалық маңызы бар авариялық қауіпті жолдардың учаскелерінде трассалық-медициналық құтқару бекеттері тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады, облыста жедел медициналық көмек көрсету үшін 3 трассалық-медициналық құтқару бекеттері құрылған (Шиелі, Жосалы және Әйтеке би кенттерінде). Трассалық-медициналық құтқару бекеттерінің бригадасына жедел әрекет ету үшін 50 шақырым қызмет жасау көлік жолдардың учаскелері бекітілген. Трассалық-медициналық құтқару бекеттерінің бригадасы шамамен 30 минут ішінде қызмет жасау орнына жетеді. 2015 жылы «Апаттар медицинасы орталығы» мекемесінің филиалы және трассалық-медициналық құтқару бекеттері төтенше жағдайларға 148 рет шығып, 233 адамға (оның ішінде 1 бала) медициналық көмек көрсетті және 46 адамды ауруханаға жеткізді.
2015 жылы өрт саны 7,4% азайған ( 2015 жыл – 475), өрттен зардап шеккен адам саны 17,6% (2015 жылы – 14 адам) және қайтыс болған адам саны 22,2% азайған (2015 жылы – 7). Есепті мерзімде облыс аумағында түрлі шаруашылық бағыттағы барлығы 853 нысанға бақылау жұмыстары жүргізілді, 72 мың тұрғын үйдің 272709 тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізді. Өрт қауiпсiздiгi қағидасы талаптарын бұзған 402 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
Нысандардың жұмысын уақытша тоқтамға алу және берілген нұсқама талаптарын орындау мақсатында Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 72 талап-арыз жолданып, 52 талап-арыз қанағаттандырылды, 12 талап-арыз қараусыз қалдырылды, 8 талап-арыз сотта қаралуда.»
Сонымен бірге, жұмыс қорытындылары бойынша ведомствалық бағынысты бөлімшелер мен құрылымдық мекемелер басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Жиын қорытындысында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары генерал-майор Ж.Қ. Жұмашев департаменттің жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта барлық бағыттағы құрылымдық бөлімшелердің жұмысын бұдан әрі дамыту үшін нақты тапсырмалар жүктеді.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы