«БАЙҚОҢЫР» ӘКК» ҰК» АҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін облыс активінің отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалған Кенжебаев Темірхан Бердәліұлы таныстырды.
Темірхан Бердәліұлы 1956 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын - инженер-құрылысшы және Ленинградтық саясаттану институтын - саясаттанушы мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Қызылорда үй-құрылысы комбинатының шебері ретінде бастаған. Қызылорда қалалық партия комитетінің инструкторы, облыстық партия комитетінің кеңесші-жауапты ұйымдастырушысы, Қызылорда пошталық байланыс басқармасының бастығы, Қазалы ауданының әкімі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2004 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысуда.
«Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келген Самат Жанат Саматқызы «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ департамент директоры лауазымына тағайындалуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды.
Жанат Саматқызына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аймақ басшысы алғысын айтты. Атап өту керек, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ соңғы 3 жыл ішінде табысты жұмыс істеп, республиканың барлық облыстарындағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арасында көш бастап тұр. Облыс әкімі Жанат Саматқызының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын тапсырды.