АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫ ТҰҚЫМЫНЫҢ 17 ПАЙЫЗЫ ҚҰРЫП БАРАДЫ
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) жануарлар әлемінің биотүрлілігін сақтау керектігін еске салды, әсіресе жаһандық жылыну және жер шарындағы халық санының өсуі кезінде бұл өте қажет екендігі атап өтілді. Қазіргі уақытта әлемде ауылшаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің шамамен 17 пайызы жойылып кету алдында тұр.
ФАО «Азық түлік өндіру және ауылшаруашылығын жүргізу үшін жануарлардың генетикалық ресурсының әлемдегі қазіргі жай-күйі» атты жаңа есебін таныстырды. Құжатта жаһандық ауқымда шамамен 17% немесе 1458 ауыл шаруашылығы жануарының түріне жойылу қатері төнгені келтірілген. Жүзге жуық үй жануарының түрі 2000-2014 жылдың аралығында құрып кеткен.
Деректерге қарасақ, генетикалық жойылуға оларды ойланбастан будандастыра беру себеп болған. Басқа жақтан әкелінген тұқымдарға баса мән берілу, бәсекеге қабілеті төмен түрлерге көңіл бөлмеу, дәстүрлі мал шаруашылығының рөлінің төмендеуі де осы кемшілікке әкеліп соқтырған.
Есепте жойылып бара жатқан тұқымдардың басым бөлігі Европа, Кавказ және Солтүстік Америкада екендігі көрсетілген.
Сарапшылар әлемдегі жануарлардың әртүрлілігі азық-түлік өндіруді және азық-түлікпен қамтуды жақсартуға ықпал ететіндігін атап өткен. Олар жануарлардың көптеген бағалы түрлеріне жойылу қаупі төніп тұрғанына баса мән беріп, қоғамға олардың генетикалық ресурсын сақтап қалуға белсенді ат салысуға шақырады.