БІР ЖЫЛДА ЖЕР ЗАҢНАМАЛАРЫН БҰЗУДЫҢ 250 ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ
Өткен жылы Қызылорда облысында жер заңнамаларын бұзудың 250 дерегі анықталып, 41 адам тәртіптік, 4 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Мемлекеттік бюджетке 56,9 млн. теңге өндірілді. Жер учаскелерін пайдаланудан туындайтын төлемдерді өндіру бағытындағы жұмыстардың бір жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатқанына қарамастан, тек Шиелі ауданында бұл заңбұзушылық әлі күнге дейін тыйылмай, 3 адамнан 3,8 млн. теңге өндірілмеген.
«Сапалы бақылаудың жоқтығынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тиімсіз пайдаланылып, тіпті, жер қойнауына заңсыз қол сұғу фактілері тіркелген. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін өндірістік мақсатта пайдаланудың 11 дерегі (Қызылорда қаласы, Арал, Қармақшы және Сырдария ауданы) анықталған», - делінген хабарламада.