ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ АЗАМАТ ТАУ АРҚАРЫН ҚОЛҒА ҮЙРЕТТІ
Нағыз тау арқары Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Қалау Әшімов ауласында жүр. Ауыл тұрғыны бір жыл бұрын Қаратау беткейінде жылқы іздеп барғанда арқардың жаңа туған қозықасын тауып алған. Анасы жанында болмағасын үйіне әкеліп, сиырдың сүтімен баққан, деп хабарлады Azattyq TV.
- Осылайша ол қазір бізге үйреніп, бауыр басты. Кейін жеммен қоректене бастады. Жақында ет болсын деп ешкі әкелгенбіз. Екеуі достасып кеткен соң соймадық. Бір күні қызым сабақтан келген соң аулада еркелетіп жатсам, арқар қызғанып, қызымды итеріп өзі маған қарай тығылды. Сондықтан бұл арқардың анасы да, әкесі де мен болып тұрмын, - деді Қ.Әшімов.
Бір қызығы арқар егесінің соңынан қалмайды екен. Дүкенге де, қонаққа да бірге еріп баратын көрінеді. «Арқар үшін жуырда бір кісі «БМВ» автокөлігін ұсынды. Бірақ мен келіспедім», - дейді егесі. Енді Қалау Әшімов арқарды тұқымды асылдандыруға пайдалануды ойлап жүр.
Шынар БЕКБАН