«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ СЪЕЗІНЕ 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСАДЫ
Бұл туралы партияның Астанадағы Орталық аппаратында өткен брифингте мәлім болды. Еске сала кетейік, партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезін қаңтардың 29-ына шақырған болатын.
Партия хатшысы Фархад Қуанғановтың айтуынша, қазіргі күні еліміздің барлық өңірлеріндегі партия филиалдарында саяси кеңестер отырыстары болып өтті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасы алдын ала талқыланып, съезд делегаттарының құрамы сайланған. «Съез қарсаңында партияның Саяси Кеңесінің отырысы өтеді. Оған өңірлік делегацияның өкілдері, өңірлкі және аумақтық партия филиалдарының басшылары мен орынбасарлары қатысып, онда партияның сайлауалды бағдарламасы қаралып, қабылданады. Жалпы съезге 600 делегат шақырылды. Ал съездің жұмысына 2 мыңнан астам адам қатысатыны күтіледі», - деді Ф.Қуанғанов.
Оның айтуынша, партия жарғысына сәйкес, съезд алдындағы партияның Саяси Кеңесінің отырысында сайлау науқанына қатысу, Съезде қаралатын күн тәртібін бекіту мәселелері қаралады.