ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 2015 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында өткен жылдың 12 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарға талдау жасау, құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың алдын алуда жүргізілген шаралардың тиімділігін талқылау, атқарылу керек жұмыстардың жоспарын жасау мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан Тұрлыұлы Құсетовтің қатысуымен жедел кеңес өтті. Кеңеске Қызылорда ОІІД жедел кеңес мүшелері, қызмет салаларының бастықтары, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдік бастығы, Қалалық ішкі істер басқармасы мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің бастықтары, Жергілікті полиция қызметінің бастықтары және жеке құрам түгел қатыстырылды.
Кеңестің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе төңірегінде департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі А.Меңдіғалиннің, бастықтың орынбасарлары Н.Анарбаев пен Ә.Шаймағамбетовтің баяндамалары тыңдалып, олар өз сөздерінде облыстық ішкі істер органдарымен 2015 жылы атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының нәтижелерін талдап көрсетті. Осыған сәйкес, облыс аумағындағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету бойынша Елбасымыздың және Ішкі істер министрлігінің жүктеген міндеттерінің орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, отырыс барысында облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарының жағдайына талдау жасалынып, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайы сөз болды. Аталған тақырыпта бастықтың орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша департаменттің қызмет салаларының бастықтарының, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдік бастығы, Жергілікті полиция қызметі мен қалалық және аудандық бөлім бастықтарының баяндамалары тыңдалды.
Ішкі істер министрлігінің өкілі С.Т.Құсетов мәжілісті қорытындылай келіп, Министрліктің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция қызметкерлерінің алдына қойып отырған міндеттерін жеке құрамға жеткізіп, 21-22 қаңтар аралығында ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен Алқа кеңесінде көтерілген мәселелер және берілген тапсырмалармен таныстырып өтті. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институционалдық бағдарламасында ішкі істер органдары алдына үлкен міндеттер жүктеліп, осыған сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасаудың жаңа әдістері мен тәсілдері енгізіліп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жаңа механизмдер іске асырылып жатқандығын көрсетті.
Жедел кеңесте көтерілген мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы нақты тапсырмалар беріліп, қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі