ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА 23 524 МЛН. ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛДЫ
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қызылорда облысында жалпы алаңы 465664 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілген, - деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 23524 млн. теңге салынды. Инвестицияның жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 9,9%-ды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің өсуі 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда Шиелі (22,4%-ға), Жаңақорған (5,2%-ға) және Арал (0,9%-ға) аудандарында, сонымен қатар Қызылорда қаласында (2,2 есеге) байқалды.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (67,0%) тиесілі.