АРАЛДЫҢ ЕҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ
Қызылорда облысындағы шалғай ауылдарда азаматтардың 20 наурыздағы сайлауға қатысуына қолайлы жағдай жасалады – дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов, BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
«Бізде, әсіресе, Арал ауданында орталықтан қашықта орналасқан шағын ауылдар бар. Шалғай мекенде тұратындарына қарамастан, бұндағы тұрғындар 20 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау науқанына қатысуға барлық жағдай жасалады», - дейді А.Жүнісов.
Абайбек Жүнісовтың айтуынша, жылжымалы дауыс беру учаскелері жұмыс істейтін болады. Әр ауылда бұл күн - қоғамдық өмір үшін аса маңызды мереке ретінде аталып өтеді.
Сыр өңірі бойынша 500-ден астам сайлау учаскелері жұмыс істесе, күніне жүздеген шақырым жүріп өтетін 20-дан астам жылжымалы дауыс беру участогы қатыстырылады. Облыстық сайлау комиссиясы сайлау науқанының әлеуметтік-саяси маңызына көп мән беріп отыр. «Өйткені, шалғай ауылдарды жасы жүзге таяған, өмір бойы сайлаудан қалмаған қариялар да, өмірінде бірінші рет дауыс бергелі отырған жастар да бар. Үлкендерді ұрпақтар сабақтастығын жалғастырғандары үшін, жастарды азаматтық ұстанымдары үшін құттықтап шығу керек», - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Шалғай ауылдардағы дауыс беруді бақылау үшін сайлау комиссиясының өкілі, сарапшы және бақылаушыдан бөлек БАҚ өкілдері де жолға шыға алады.
«Баспасөз өкілдерін қуана-қуана қарсы аламыз», - дейді А.Жүнісов.