АЛМАТЫДА МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАЛАРДА ТӨЛЕМ 15 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТІЛДІ
Алматы әкімдігі мемлекеттік балабақшаларда төлемді 15 мың теңгеге дейін төмендетуді шешті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.
«Алматыда тарихи қалыптасқан жағдай бойынша 5-6 жастағы балалар үшін мемлекет төлейді, 3-5 жастағыларға ата-аналар коммерциялық талаптармен толықтай төлейді. Бүгінде айлық есептік көрсеткіш артты. Ата-аналар 27 мың теңге төлеуде, алайда шын мәнінде балабақшада бір орын 38 мың теңге тұрады. Бүгінде ата-аналар өздерінің балаларын балабақшалардан шығарып алып жатқанын байқаудамыз», - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселе әкімдікте тыңғылықты талқыланып, осы бағытта жергілікті бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінді.
«Осы орайда ата-аналар орташа алғанда 15 мың теңге төлейді, яғни шамамен 20 мың теңге көлемінде үнемдеу болады. Бұл тұрғыда 17 мың бала қамтылады. Менің ойымша, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына тиісті қолдау жасалады», - деді ол.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, былтыр қалада 4900 орындық 52 балабақша тапсырылған көрінеді, оның ішінде 17-сі мемлекеттік бюджеттен, 34-і жеке қаржы және біреуі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен салынды.