ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАЛАРДА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕР АШЫЛМАҚ
Қызылорда облысы бойынша аурушаңдық көрсеткіші 2015 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 77691,1-ді құрады. Бірінші орында тыныс алу жүйесі аурулары, екінші қан айналым жүйесі аурулары, үшінші зәр шығару жүйесі аурулары, төртінші ас қорыту жүйесі аурулары тұр. Осы көрсеткіштерді саралай келе облыс тұрғындарының денсаулығы үшін терең зерттеу, емдеу, сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қалалық емханаларда мамандандырылған бөлімдер ашылуды қолға алды. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржамал Мырзағалиева хабарлады.
- Осыған сәйкес №1 қалалық емханада ревматологиялық қызмет көрсету, №3 қалалық емханада нейрореабилитациялық, неврологиялық қызмет көрсету, №6 қалалық емханадан нефрологиялық қызмет көрсету, облыстық кеңес беру – диагностикалық орталықтан кардиологиялық, эндокринологиялық, сурдологиялық қызмет көрсету түрлері бойынша профильді бөлімшелер ұйымдастырылды, деді Н.Мырзағалиева. – Аталған мамандандырылған бөлімдерде облыс бойынша барлық науқас медициналық көмекті тиісті деңгейде ала алады.
Нұржамал Мырзағалиеваның мәлімдеуінше, профильді бөлімшелер аудандық ауруханалардан да ашылмақ. Маманның тегін қабылдауына учаскелік дәрігердің жолдамасымен қаралуға болады. Осы жылдан бастап, дәрігердің қабылдауына электронды жазба арқылы тіркелуге болады. Сонымен қатар 40-00-01 Call-центр-ге хабарласуға болады.
Шынар БЕКБАН