ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ЛЮКС САНАТЫНДАҒЫ ЖАҢА «GOLDEN PALACE» ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Кешеннің салтанатты ашылуына Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қазақстан Халқы Банкі» АҚ және Даму Қорының өкілдері қатысты.
Соңғы үлгіде жабдықталған «люкс» санатындағы аталған қонақүй кешені «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау тауып, өз есігін айқара ашты. «Агрохимсервис-С» ЖШС қонақүй кешенін ашу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан 14%-бен 71 млн. теңге көлемінде несие рәсімдеп, қазіргі таңда несиенің жылдық пайызының 7%-ы мемлекет тарапынан субсидиялануда. Осылайша «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің несиені өтеу бойынша артылған жауапкершілігі екі есеге жеңілдетілді.
Компания директоры Сергей Кимнің сөзінше, жобаның жүзеге асуы барысында 30-дан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. «Golden Palace» кешенінің негізін қонақүй және мейрамхана құрайды, сонымен қатар кәсіпкер өз қаражаты есебінен жақын арада сауна жұмысын іске қоспақ.
- Жобамызды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Халық Банкі мен Даму Қорына алғыс айтамын, себебі мемлекеттік қолдау арқасында тиімді несиеге қол жеткіздік. Ендігі жерде кешеніміз қала қонақтарының ойынан шығып, Қызылорданың көрікті жерлерінің бірі болатынына сенім білдіреміз, - дейді «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Ким.