ЖҰМА КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында ауа райы ашық болады, тек елдің батысы, солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей аумақтарында жел күші 15-20 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының кей аумақтарында күндіз шаңды дауыл соғады, жел күші 15-20 м/с құрайды. Шығыс Қазақстан облысының кейбір аумақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Республиканың солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы мен орталығының кей жерлерінде түнде 0-5 градусқа дейін күн суытады. Еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, батысы, солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.