ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІНДЕ 185 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛҒАН
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің мыңнан астам тұрғыны үйлеріне табиғи отын кіргізіп алғысы келеді, - деп хабарлады «ҚазТрансГаз» АҚ өндірістік филиалының директоры Серікхан Байзақов. Бұл туралы Kazalinsk.kz сайты «Кызылординские вести» газетіне сілтеме жасап жазды.
Ал үйлеріне газ келген жұрт жұмыстарының жеңілдегеніне риза. Енді оларға от жағып, күл шығарудың қажеті жоқ. Оның үстіне отын-көміріне жұмсалатын қыруар ақшаның көбі енді отбасының өзге де қажетіне жарамақ. Алайда, мамандардың айтуынша, мұндай бақытқа бөленгендер әлі аз.
«Арал ауданында тұратын 6 637 әлеуетті абоненттің 1 431-інің ғана газ қосып беру жөнінде өтініш берген. Әзірге тек 299 үй табиғи отынның қызығын көріп отыр. Осындай жағдай барлық аудан орталығында байқалады. Әйтеке би кентінде 1 317 өтініш берілсе, соның 185-і ғана газбен қамтылды», - деп мәлімдеді Серікхан Байзақов.