70 МЕМЛЕКЕТ «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАТЫНЫН РЕСМИ ТҮРДЕ РАСТАДЫ
ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев Латвия Республикасының Қазақстандағы елшісі Юрийс Погребнякспен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.
Кездесу барысында тараптар «жасыл энергетика» саласындағы ынтымақтастық перспективалары мен Латвияның елордада өтетін көрмеге қатысу мәселелері жайында пікір алмасты.
Р.Жошыбаев елшіні Қазақстанның халықаралық көрмеге дайындық аясында жүргізіп жатқан ауқымды жұмысынан хабардар етіп, латвиялық тараптың «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы қос елдің серіктестігіне тың серпін беретінін атап өтті.
Өз кезегінде Ю.Погребнякс Латвия үкіметі «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы ресми шешім қабылдағанын мәлімдеп, растау нотасын табыс етті. Ол Латвияның Халықаралық көрмелер бюросына мүше еместігін, ЭКСПО-ға бар болғаны бірнеше рет қана қатысқанын да айта кетті. Сол себепті 2017 жылғы көрмеге қатысу Латвияның Қазақстанға деген достық қарым-қатынасы мен зор қызығушылығын білдіреді.
Қазіргі таңда, Латвия «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаған 70-нші мемлекет.