ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ҚЫРАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАМАҚ БОЛҒАН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында сағат 17.30 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінен өтіп бара жатырған жол-патрульді полиция батальонына «көпір үстінен белгісіз бір азаматтың секіріп кеткендігі» жөнінде хабарлама келіп түседі.
Аталған хабарлама бойынша Жол-патрульді полиция батальонының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Жайсанбаев Шаттық, полиция аға сержанты Әшірбеков Бақытжан мен Нұртаев Нұрлыбек «Сырдария» көпіріне дереу жетіп, өзеннің ағысымен батысқа қарай ағып бара жатырған азаматты байқап қалады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан сыртқы киімдерімен суға түсіп, азаматты құтқарып алады, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Оқиға басына жедел жәрдем қызметі шақырылып, азамат Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді.
Азаматтың хал-жағдайы «жақсы» деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі таңда, азаматтың бұл қадамға бару себептерін жан-жақты зерделеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі