25 ҚАҢТАРДА ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады. Атырау облысының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын байқалады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 18 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 22-27, екпіні 30 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.