ҰЛТТЫҚ БАНК ТЕҢГЕМЕН САЛЫНҒАН ДЕПОЗИТТЕРДІҢ ТӨЛЕМІН 14 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН АРТТЫРМАҚ
Валюта бағамындағы өзгерістер айтарлықтай емес. Бүгін баспасөз отырысын өткізген Ұлттық Банк төрағасы осылай деп мәлімдеді. Ал өскен инфляция деңгейін жабу үшін, Ұлттық банк теңгемен салынған депозиттер төлемін арттырмақ. Яғни 1 ақпаннан бастап сыйақы мөлшерлемесі 10-нан 14 пайызға дейін көбейтіледі. Алайда, шетелдік валютамен салынған депозиттер мөлшерлемесі, керісінше, үштен екі пайызға дейін төмендейді, - деп хабарлады «Астана» телеарнасының тілшісі.
Данияр Ақышев,
ҚР Ұлттық Банк төрағасы:
- Бұл теңгемен салынған депозиттердің бәсін арттырып, азаматтарымыздың салымдарын қорғайды. Сондай-ақ шет ел валютасындағы депозиттер төлемдерінің жаңа деңгейін бағалап отырамыз.
Осылайша, Ұлттық Банк күн сайын өз сайттарында, теңгенің өтімділік көрсеткіштерін жариялау туралы шешім қабылдапты. Есеп-шоттардың ағымдағы деңгейі бүгінде шамамен 232 миллиард теңгені құраған. Данияр Ақышевтің сөзінше, бұл теңгеге деген сұраныстың тұрақтылығы мен дефициттің жоқтығын білдіреді. Алайда, бас банкирдің бұл уәжі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәлімдемесіне қарама-қайшы. Айта кетелік, кәсіпкерлер палатасы осыған дейін де теңгеге деген сұраныс жоқтығын бірнеше рет мәлімдеген еді. Олардың сөзінше, кәсіпкерлер қаржыдан таршылық көріп келеді.