ЖАЛАҚЫСЫ САҚТАЛМАЙТЫН ДЕМАЛЫСҚА ЖІБЕРІЛГЕН 300-ГЕ ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАЙТАДАН ЖҰМЫСҚА ҚОСЫЛДЫ
Өткен жылы облыс прокурорлары 21 мыңнан астам адамның құқығын қорғады. 33 қылмыстық іс қозғалып, 2 127 адам тәртіптік, 1 869 адам әкімшілік, 227 адам материалдық жауаптылыққа тартылған.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде қадағалаушы сала өкілдері есеп берді. Облыстық прокуратура басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев прокурорлық актілер негізінде 3,4 млрд. теңге залал өндірілгенін, соның 2,3 млрд.-ы мемлекет пайдасына аударылғанын мәлімдеді.
«44 заңды тұлғаның 7442 жұмысшысы алдындағы 812 млн. теңге жалақысын төлеуі қамтамасыз етілді. Еңбек заңнамасын бұзған 30 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - деді ол.
Мысалы, Қызылорда қаласындағы «ҚұмкөлТрансСервис» ұйымы 160-қа жуық жұмыс орнын қысқартып, заңда көрсетілген тәртіпте уәкілетті орган мен жұмысшыларға бұл туралы хабарламаған. Қадағалаушы орган араласқан соң ғана азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
«Ал жыл басынан бері 2015 жылы түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген 300-ге жуық қызметкер қайтадан жұмысқа қосылды», - деді Нұрболат Дүйсенбаев.
Назерке САНИЯЗОВА